"Қайрат" пен "Реал Мадрид" ойынын қай телеарналардан көруге болады

Коллаж Спорт Шрёдингера сайтынан алынды
Коллаж Спорт Шрёдингера сайтынан алынды
Матч 30 қыркүйекте сағат 21:45-те басталады.

Алматының Орталық стадионында өтетін қазақстандық "Қайрат" пен испаниялық "Реал Мадрид" футбол клубтарының тарихи ойыны 30 қыркүйекте өтеді. Матч сағат 21:45-те басталады.

Ойынды Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.


Оқи отырыңыз: "Қайрат" пен "Реал Мадрид" матчы: Мәтін түріндегі трансляция


Әзірге дейін "Қайрат" бір ған ойын өткізді. Ол сырт алаңда "Спортинг" (Португалия) командасымен ойнап, 1:4 есебімен жеңілді. 

Ертең клуб ойыншылары "Реал Мадрид" клубымен ойнайды. Одан кейін "Қайратты" англиялық "Арсенал", бельгиялық "Брюгге", грекиялық "Олимпиакос", кипрлік "Пафос" және даниялық "Копенгаген" футбол клубтарымен матчтар күтіп тұр. 

Еске салайық, "Реал Мадрид" ойыншылары Алматыға келіп үлгерді. Алматы халықаралық әуежайы УЕФА Чемпиондар лигасына қатысушыларды қазақы қонақжайлықпен қарсы алды. 

Тарихи матч жайлы толығырақ Информбюроның материалынан оқуға болады. 

Серіктестер жаңалықтары